384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Филиппинде қолды болған 1500 тасбақа табылды

  • 709
  • UPD: 11:18, 05.03.2019
Филиппинде қолды болған 1500 тасбақа табылды Вокруг Света Украина

Филиппин полициясы Маниладағы әуежайдан 1500-ден астам лентаға оралған тасбақаны тапты.

Құны 90 мың доллардай болатын төрт шабаданды әуежай қызметкерлері көріп қалған. Жүктің иелері іздестіріліп жатыр. Қолды болған бауырымен жорғалаушылардың арасында Қызыл кітапқа енгендері де бар. Полицияның болжамынша, контрабанда жасамақ болған жолаушы жануарлардың заңсыз тасымалы үшін қатаң жаза қолданылатынын естіп, тастап кеткен болуы керек. Мұндай қылмысқа барғандар 2 жылға бас бостандығынан айырылады немесе 10 мың доллар көлемінде айыппұл төлейді. Тергеу жұмыстары басталып кетті. Ал тасбақалар қазір сақтау пунктінде.

Хабар 24 телеарнасы