385,01 426,40 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО Сирия үкіметіне қарсы санкциялар ауқымын кеңейтті

  • 465
ЕО Сирия үкіметіне қарсы санкциялар ауқымын кеңейтті

Еуроодақ Сирия үкіметіне қарсы санкциялар ауқымын кеңейткені туралы Брюссельде өткен Еуроодақ кеңесінің мәжілісінен кейін белгілі болды.

Сирия бойынша қара тізімге бұл елдің үкіметіне мүше 7 тұлға қосылды. Осылайша оған кірген жеке тұлғалардың саны 277-ге жеткен. Сондай-ақ бұл тізімде 72 сириялық компания бар. Бұл шешім Сирия министрлер кабинетінде болған соңғы өзгерістерге қатысты қабылданған.

Қазіргі кезде Еуроодақтың Сирияға қарсы санкциялары мұнайды жеткізуге эмбарго, сауда мен инвестициялар жасауға шектеу, қару-жарақ пен құрал-сайман экспортына тыйым, сондай-ақ Еуроодақ аумағында Сирия Орталық банкінің активтеріне тыйым салуды қарастырады.

Еске салып кетсек, Еуроодақтың ресми Дамаскке қарсы санкциялары 2011 жылы қабылданып, үнемі толығып келеді. Еуроодақ кеңесі мәжілісінің қорытынды коммюникесінде, Брюссель БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2254-қарарына сәйкес Сириядағы шиеленістің саяси реттеу жолынан айнымайтыны айтылған.

Хабар 24 телеарнасы