383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда қарулы қақтығыс салдарынан барлық мұражай жабылып қалды

  • 398
  • UPD: 16:24, 05.03.2019
Ливияда қарулы қақтығыс салдарынан барлық мұражай жабылып қалды

Екіге бөлінген Ливияның автономды билігі елдегі барлық мұражайларды жауып тастады.

Себебі елдегі қарулы қақтығысқа байланысты мәдени орталыққа келушілердің саны мүлдем қысқарған. Тіпті шетелден келетін туристер ағыны 99 процентке төмендеген. Енді экспонаттардың басым бөлігі мұқият қорғалатын басқармаларға көшірілді. Бұл орган тарихи, мәдени мұраны тонаушылардан сақтап қана қоймай, қолды болған немесе контрабанда арқылы шетелге шығарылған құнды заттарды елге қайтарумен айналысады. Айта кетейік, 2011 жылғы азаматтық соғыстан соң Ливия екіге бөлінген болатын. Яғни елді екі түрлі күш басқарады. Ортақ үкімет болмағандықтан, мемлекет Африка мен Еуропа елдерінен заңсыз мигранттар қаптаған, контрабанда орталығына айналды.

Хабар 24 телеарнасы