387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Францияда салық төлеудің жаңа жүйесі енгізілді

  • 691
  • UPD: 13:06, 06.03.2019

Егер бұрын француздар табыс салығын жылына бір рет төлесе енді әр ай сайын төлеп отыруы керек.  Халық бастапқыда жаңашылдықты сынағанмен, енді тұрғындардың 74 пайызы бұл өзгерісті қолдап отырған көрінеді.

Францияда салықтың сан алуан түрі бар. Мысалы, жылына 50 мың еуро табыс табатын  жалғыз басты ер адамның табыс салығы 17 пайызды құрайды. Үйленгеннен кейін әйелі жұмыссыз отырса, табыс екі адамға бөлініп 8 пайыз, ал екі баласы бар отбасы болса, отағасының жалақысы төртке бөлініп, 5 пайыз салық төлеуі тиіс.

Адвокат Стефан Эпинэ Франциядағы салық төлеу жүйесінің күрделілігін мойындайды. Сонымен қатар, қабылданған жаңа ереже жұмыс берушілердің  міндетін қиындатқанын айтады. Ал халықтың  жыл сайын тапсыратын декларациясы арқылы жеке адамның немесе отбасының кіріс салығының мөлшерін қайта қарау үшін қажет дейді.

Стефан Эпинэ, салық жөніндегі адвокат:

- Францияның салық жүйесі жеке тұлға үшін өте күрделі әрі қалтаны қағады. Тіпті табыстың 45 процентіне дейін жетуі мүмкін. Ал жекеменшікте қымбат жылжымайтын мүлік, онымен қоса әлеуметтік төлемдер бар болса, салық көлемі одан да артуы мүмкін.

Париж тұрғыны Мария елдегі салық түрлерін түсіну үшін біраз ізденді. Енді  бұл мәселе бойынша отандастарына да көмегін тигізіп келеді. Оның айтуынша, салық төлеу жүйесіндегі барлық ерекшеліктерді білу үшін айтарлықтай уақыт пен күш жұмсауға тура келеді.

Мария Громыко, Париж тұрғыны:

- Тәуелсіз мемлекеттер достастығында салық жүйесіне аса мән берілмейді. Ал Францияда әр адам жыл сайын декларация тапсыруға міндетті. Бұған халық үйреніп те қалды.

Француздар үшін табыс пен мүлікті жариялауу әдеттегі нәрсе. Жалпы табыс салығы маңыздылығы бойынша қосылған құн салығынан (ҚҚС) кейінгі орында тұр. Өткен жылы ол ел қазынасына 72,5 миллиард евро құйды. 

Авторлары: Алия Сыздыкова, Бекхан Тепсаев

Хабар 24 телеарнасы