384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондондағы вокзал мен әуежайлардан жарылғыш заттар табылды

  • 504
Лондондағы вокзал мен әуежайлардан жарылғыш заттар табылды

Лондонның Хитроу мен Сити  әуежайларында және Ватерлоо теміржол вокзалында қолдан жасалынған жарылғыш заттар табылды.

Үш бомба да пошта жәшігіне қапталған. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, жәшіктің бірінде өрт шыққан. Абырой болғанда мерт болғандар мен жарақат алғандар жоқ. Әуежай мен вокзалдан халық эвакуацияланыып, жарылғыш заттардың барлығы залалсыздандырылды. Оқиғаға қатысты тергеу ісі басталып кетті.

Хабар 24 телеарнасы