389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Аргентинада наурызда басталатын жаңа оқу жылы бір аптаға шегерілді

  • 510
Аргентинада наурызда басталатын жаңа оқу жылы бір аптаға шегерілді infogremiales.com.ar

Аргентинада 6 наурыз күні басталатын жаңа оқу жылы бір аптаға кейін шегерілді.

Оған елдің түкпір-түкпірінен мұғалімдердің ұйымдастырған ереуілі себеп болды. Жиналған жұрт биліктен жалақыларын 16 процентке көтеруін талап етеді. Айтуынша, елде инфляция деңгейі өскенмен, алатын ақылары мардымсыз күйінде қалды. Айта кетейік, өткен жылдың басынан бері Аргентинада ұлттық валюта өз құнын жоғалтты. Соның салдарынан тауарлар мен қызмет бағасы 40 процентке өсті.

Хабар 24 телеарнасы