432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда саяси жиын барысында шабуыл жасалды

  • 1183
  • UPD: 08:25, 08.03.2019
Ауғанстанда саяси жиын барысында шабуыл жасалды РИА Новости

Ауғанстан астанасында саяси жиын кезінде лаңкестік жасалып, 22 адам жараланып, 3 тұрғын қаза тапты.

Оқиға Кабулдың 14-ауданында болды. Алғашқы жарылыс премьер-министр Абдулла Абдулла сөз сөйлей бастағанда болған. Содан кейін жиын минометпен атқыланып, президенттікке үміткердің бірі Абдул Латиф Педрам жараланған. Қауіпсіздік күштері оқ жаудырған үйден бір адамды ұстады. Әзірге шабуылды ешқандай лаңкестік топ мойнына алған жоқ. Қазір лаңкестікті ұйымдастырғандар іздестіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы