378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Калифорния билігі түтінмен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты

  • 277
  • UPD: 10:14, 08.03.2019
Калифорния билігі түтінмен күресудің жаңа әдісін ойлап тапты

Ластанған ауаны тазарту үшін үй төбелерін арнайы материалдармен қаптау қолға алынған.

Жергілікті компания жасап шығарған жабынды түтін мен азот тотығын жұтып, оны еріп кететін тұзға айналдырады. Тұрғындар жаңа материалдың қалай жұмыс жасайтыны көзге көрінбесе де оның тиімді екеніне сенімді.

Айта кетейік, керемет жағажайларымен аты шыққан Калифорнияда түтін мен жол кептелісі ең өзекті мәселенің бірі болып саналады. Мысалы, өткен жылы түтін осы штаттың оңтүстігін 87 күн бойы тұмшалап, өңірде рекорд орнаған еді. 

Хабар 24 телеарнасы