426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Финляндияда үкімет отставкаға кетті

  • 1452
  • UPD: 08:29, 09.03.2019
Финляндияда үкімет отставкаға кетті Yle.fi

Финляндия президенті Саули Ниинистё елдің премьер-министрі Юха Сипилямен кездесу барысында үкіметтің отставкаға кетуін мақұлдады. Сөйтіп, фин президентінің кеңсесі қазіргі министрлер кабинеті уақытша жұмыс істейтінін  хабарлады.

«Президент үкіметтің отставкасын мақұлдады және жаңа үкімет тағайындалғанша жұмысты уақытша жалғастыруды сұрады», - делінген кеңсе мәлімдемесінде. Үкімет әлеуметтік саулық саласындағы сәтсіз реформаға байланысты отставкаға кетті.

Енді 14 сәуірде Финляндияда үкіметтің сайлауы өтеді. Сол кезде жаңа үкімет құрылады. Әлеуметтік-демократиялық партияның көшбасшысы Анти Ринне отставканы түсініксіз шешім деп айтты. Ол үкіметті Конституция талаптарына сай келмейтін заң жобаларын бастағаны үшін сынға алды. Кейін белгілі болғандай, үкіметтің отставкаға кетуі туралы шешімді премьер-министр Юха Сипиляның өзі қабылдаған.

Yle.fi

Хабар 24 телеарнасы