383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Брюссельдегі еврей музейіне шабуыл жасаған лаңкеске сот үкімі шығады

  • 401
  • UPD: 09:52, 09.03.2019

Бельгия соты Франция азаматы Мехди Неммушты Брюссельдегі Еврей мұражайына жасалған террорлық шабуыл үшін айыпты деп таныды. Еске салып өтсек, 2014 жылдың мамыр айында ол музейге басып кіріп, онда болған адамдарға оқ жаудырған болатын.

Сол кезде 4 адам қаза тапқан еді. Бес жылға созылған тергеу барысында Неммуш бұрын да Франция түрмесінде қамалып, сонда экстремисттік көзқарасы қалыптасқаны анықталды. Бостандыққа шыққаннан кейін Сирияға аттанып, «Ирак пен Левант» лаңкестік тобы жағында шайқасты. Еуропаға оралғаннан кейін еврей мұражайына шабуыл жасаған. Көптеген куәгерлер сотқа жауап беріп, лаңкестің қылмыстарын әшкерелеуге көмектесті. Арасында Сирияда жасақшылар кепілге алған екі француз тілшісі бар. Тұтқында болғанда Мехди Неммуш оларды азаптағанын айтып берді. Енді қылмыскерге өмір бойы бостандығынан айыру жазасы төніп тұр.

Хабар 24 телеарнасы