384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада электр жарығының өткір тапшылығы 79 адамның өмірін қиды

  • 603
  • UPD: 13:41, 09.03.2019
Венесуэлада электр жарығының өткір тапшылығы 79 адамның өмірін қиды

Венесуэлада өткен жылдың қараша айынан жарықтың болмауынан 79 адам көз жұмған. Бұл туралы оппозиция өкілдері мәлімдеді.

Олардың айтуынша, өлім деректері көбіне ауруханаларда жиілеген. Еске сала кетейік, өткен бейсенбі күні Венесуэладағы «Эль-Гури» су электр станциясында апат болып, елдегі 23 штаттың 22-сі электр энергиясыз қалған еді. Бірнеше күнге созылған жағдайдан халықтың наразылығы күшейген. Билік апат АҚШ қастандығынан деп мәлімдеп, кінәні америкалықтарға жабуда. Бірақ ақпарат құралдары 2008 жылдан бері әлеуметтік-экономикалық дағдарыс жайлаған елде жарықтың болмай қалуы сирек құбылыс емес екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы