383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда өрт 100 мың гектар жерді күлге айналдырған

  • 453
  • UPD: 17:25, 09.03.2019
Австралияда өрт 100 мың гектар жерді күлге айналдырған

Австралияның Виктория штатында өткен аптада басталған орман өрті әлі лаулауда.

Осы уақытқа дейін 30 тұрғын үй мен 70 қора-қопсы жанып кетті. Табиғат апатынан қаза тапқандар мен жарақат алғандар жоқ. Бірақ қызыл жалын 100 мың гектар жерді күлге айналдырған. Әлі 17 жерде орман өртеніп жатыр. Тілсіз жаумен күреске 2 мыңнан астам өрт сөндіруші мен 60-тан астам ұшақ жұмылдырылған. Бірақ күннің ыстық әрі желді болуы көп кедергі келтіруде. Ауа райын болжаушылар жақын арада жауын жауып, ол жалынды сөндіруге септігін тигізеді деген үмітте.

Ким Баркли, жергілікті тұрғын:

- Мен өрттен үйімнің аман қалғанын көргенде өз көзіме өзім сенбедім. Қандай да бір күш оны төбеден алып келіп қаз-қалпында қоя салғандай әсер қалдырды. Құдайға шүкір, табиғат апатынан адам шығыны жоқ.

Хабар 24 телеарнасы