389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өзбекстанда АЭС құрылысы басталмақ

  • 706
Өзбекстанда АЭС құрылысы басталмақ

Өзбекстан депутаттары «Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Құжат өзге елдердің тәжірибесіне сүйене отырып жасалды. Оған қоса халықаралық талаптарға толық сәйкестендірілген. Бұл заңнама тиісті министірліктер мен жуырда құрылған «Өзбекатом» Агенттігінің жұмысын жүйелеп, стратегиялық бағыттарын айқындап бермек. Өзбекстан алдағы жылдары АЭС құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Ауқымды жобаны көрші ел Ресеймен бірлесіп жүзеге асырмақ. Атом электр стансасындағы генератор қондырғыларының әр қайсысысы 1200 мегаватт қуат өндіреді. Атом стансасын іске қосу нәтижесінде Өзбекстан жыл сайын 3,7 миллиард текше метр табиғи газды үнемдемек. Оған қоса ішкі нарықтағы электр энергиясына деген сұранысты толық қамтамасыз етеді. 

Жамшид Пирматов, Өзбекстан республикасы Оилий мәжілісі заң шығару палатасының депутаты:

– Жалпы бұл құжат ел тарихындағы атом энергетикасы туралы алғашқы заң болмақ. Өзбекстанда жалпы алғанда табиғи байлықтар қоры жеткілікті. Дегенмен энергияға деген сұраныс жыл санап артып келеді. Құжат атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдаланып, қауіпсіздік мәселелерін сақтауға негіз болады. Оған қоса қоршаған ортаны қорғау мен ашықтықты қамтамасыз етеді.

Хабар 24 телеарнасы