387,09 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мәскеуде дербес интернет құруға қарсы шеру өтті

  • 557
  • UPD: 23:19, 10.03.2019

Мәскеуде дербес интернет туралы заң жобасына қарсы наразылық шеруі өтті. Сахаров алаңындағы акцияға 6 мыңнан астам адам қатысты. Шерушілер автономды рунет туралы құжат қабылданатын болса интернеттің ресейлік сегменті оқшауланып, халықаралық қызметтер бұғатталады деп алаңдаулы.

Шара кезінде тәртіп сақшылары дрон ұшырған онға жуық адамды қамап тастады. Себебі бұған дейін қауіпсіздік мақсатында дрон ұшыруға тыйым салынған. Айта кетейік, Ресейдің Мемлекеттік думасы «дербес интернет туралы» заң жобасын бірінші оқылымда қабылдаған болатын.

Влад Дерба, шеруге қатысушы:

- Қытайда болсаңыз интернет жылдамдығының төмен әрі қымбат екенін байқар едіңіз. Бұған қоса көптеген сайттар, оның ішінде ақпарат агенттіктері жұмыс істемейді. Меніңше, Интернет бұл ортақ құндылық. Ол сөз бостандығының кепілі, біздің конституциялық құқығымыз. Сондықтан қоғам еркін интернетті қорғау үшін күш біріктіруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы