423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ауғанстанда тәліптерге қарсы арнайы операция жүргізілді

  • 554
  • UPD: 07:38, 11.03.2019
Ауғанстанда тәліптерге қарсы арнайы операция жүргізілді bmpd - LiveJournal

Ауғанстанда қауіпсіздік күштері тәліптерге қарсы бірнеше арнайы операция жүргізіп, 60-тан астам содырдың көзін жойды.

Әскери операция Логар, Вардак, Гильменд, Урузган және Пактика провинциясында жүзеге асырылды. Нәтижесінде «Талибан» қозғалысының 2 радиобайланыс мұнарасы мен жарылғыш заттар қоймасы талқандалған.

Айта кетейік, қазір Катарда АҚШ пен «Талибан» радикалды қозғалысы Ауғанстандағы соғысты тоқтату туралы бейбіт келіссөз жүргізіп жатыр. Тәліптердің басты талабының бірі ауған жерінен шетел әскерлерінің шығарылуы болып отыр.

Хабар 24 телеарнасы