423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Эфиопияда қаралы күн жарияланды

  • 1451
  • UPD: 15:21, 11.03.2019
Эфиопияда қаралы күн жарияланды

Эфиопияда әуе апатына ұшыраған ұшақтың бортында Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар ісі жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасының 19 қызметкері болғаны белгілі болды.

Сонымен қатар қаза тапқан жолаушылардың арасында Ресей, Кения, Канада, Эфиопия, Италия, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Мысыр, Нидерланды, Үндістан, Словакия, Австрия, Марокко, Испания, Польша мен Израиль азаматтары болған. Қайғылы оқиғаға орай 10-ынан астам мемлекет өкілдері әуе апатынан қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтты. Ал Эфиопия билігі елде бүгін, яғни 11 наурыз қаралы күн деп жариялады.

Естеріңізге салайық, кеше Boeing 737 ұшағы Аддис-Абебадан Кения астанасы Найробиге қарай ұшып шығып, 6 минуттан соң радар бетінен жоғалып, Дэбрэ-Зэйт қаласының маңында апатқа ұшырады. Әуе көлігінде болған 157 адамның барлығы қаза тапты. Әзірге апаттың нақты себебі анықталған жоқ. Кей ақпарға қарағанда, ұшқыш көкке көтерілген соң бірнеше минуттан кейін қиындықтар туғанын айтып, кері қайтуға рұқсат сұраған екен. 

Хабар 24 телеарнасы