432,01 515.14 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венесуэла азаматтары жұмыс пен оқудан босатылды

  • 744
  • UPD: 09:25, 11.03.2019
Венесуэла азаматтары жұмыс пен оқудан босатылды

Венесуэла үкіметі елдегі энергетикалық дағдарыс салдарынан бүгін тұрғындарды жұмыс пен оқудан босатты.

Айта кетсек, 7 наурызда Венесуэланың ең ірі «Эль-Гури» су электр станциясында апат болып, салдарынан елдің басым бөлігі электр қуатынсыз қалған еді. Осыған байланысты ел президенті дүйсенбіден бастап азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етіп, ел аумағындағы барлық ауруханаларға көмек көрсетуді тапсырды. Николас Мадуроның мәлімдеуінше, жүйенің істен шығуына кибершабуылдар себеп болған. Өз кезегінде оппозиция лидері Хуан Гуайдо парламентті төтенше жағдай жариялауға шақырмақ. Айтуынша, электр қуатының өшуінен елде 17 адам қаза тапқан. Ал жергілікті кәсіпкерлер 400 миллион доллар шығынға батты.

Хабар 24 телеарнасы