Грекияның Наус қаласында дәстүрлі карнавал мерекесі тойланды.
Әдетте бұл шара қысты шығарып салу мерекесінің соңғы күнінде өтеді. Жиналған қауым дәстүрлі мерекелік киімдерін киіп, қала көшелерінде ән айтып, би билейді.
Айта кетейік, карнавалдың шығу тарихы Грекия тәуелсіздігі үшін Осман империясына қарсы күрестен бастау алады. Тарихшылардың айтуынша, бұл күні бүлікшілер мерекелік киіммен жасырынып, қаладағы туған-туыстарымен кездесе алатын болған.