389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Палестинада мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қысқарды

  • 386
  • UPD: 14:49, 11.03.2019
Палестинада мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы қысқарды etleboro.org

Палестина билігі мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын 40 пайызға қысқартты.

Бұл туралы елдің қаржы министрі Шукри Бишара мәлімдеді. Алайда еңбекақысы 550 долларды құрайтын мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы өзгеріссіз қала бермек. Ал әр ай сайын 1100 долларға дейін табыс табатын қызметкерлерге енді оның жартысы ғана төленеді. Жалпы, Палестинада мемлекеттік қызметкерлердің 50 пайызға жуығы 550 доллар не одан аз жалақы алады.

Айта кетелік, Палестина әкімшілігінің мұндай қадамға баруына Израиль түрмелеріне қамалған лаңкестердің отбасыларына берілетін төлемақыға қатысты дау себепші болып отыр.

Шукри Бишара, қаржы министрі:

- Бүгін жалақыны төлей бастаймыз. Ол еңбекақының кем дегенде 50 пайызын құрайды. Енді ең төменгі жалақы мөлшері 550 доллар болса, ең жоғары еңбекақы 2 755 доллар болмақ. Ол министрлер мен үкімет мүшелеріне төленеді.

Хабар 24 телеарнасы