387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина электронды темекі салығын арттыруды көздеп отыр

  • 482
  • UPD: 10:22, 12.03.2019

Украинада электронды темекіге салықты көбейту көзделуде. Парламент депуататтары мен қоғам белсенділері осындай бастама көтерді. Шылымның балама түрі мемлекеттік деңгейде қадағаланбайды екен. Осы аптада Жоғарғы Рада депутаттары «Темекі бұйымына қатысты жаңа Заң жобасын» күн тәртібіне қояды. Құжат қабылданса елдегі электронды темекіні тарату саясатына тексеріс күшейтілмек. 

Украинада электронды темекі бұйымына акциз, яғни жанама салық салынбайды. Және мұндай темекінің жарнамасы әсіресе интернет желісінде өріп жүр. Ең өкініштісі сол, елде электронды темекінің сыртында «адам ағзасына зиян» деген ақпарат көрсетілмейді және ондағы никотин сұйықтығының құрамы да мемлекет қадағалауында емес. Темекі бұйымына қатысты Украина Заңы өзгерту мен толықтыруды қажет етеді, - дейді Жоғарғы Рада депутаты Наталья Веселова.

Наталья Веселова, Украина Жоғарғы Раданың депутаты:

- Электронды темекі Украина нарығында өзін еркін сезініп жүр. Мұндай темекі түріне қолданатын қоспаға да қадағалау аз. Сертификат пен лицензия жоқ. Қоспаның құрамында есірткі жүрсе де оны ескеріп жатқан ешкім жоқ. Өйткені үкіметтік тексеру жұмысы шикі және жүйесіз. Сондықтан біз заң жүзінде электронды шылымды темекі бұйымының бір түріне жатқызып, қосымша құн салығын көтеруді талап етеміз.

Электронды темекінің сатылымына да қатаң тәртіп жоқ деп дабыл қағады қоғам белсенділері. Сондықтан «түтінсіз» шылымның бұл түріне Украина жастары үйір болып жүр. Киев қалалық Денсаулық орталығының бас дәрігері Отта Стойканың айтуынша, «зияны аздау» деп айтылатын жарнама да шындыққа сай келмейді.

Отто Стойка, Киев қалалық денсаулық орталығының бас дәрігері:

- Көптеген зерттеу орталықтары электрондық темекінің адам денсаулығына зиян екенін дәлелдеді және оған әсіресе жастардың бойы тез үйренеді. Сондай-ақ «электрондық темекінің зияны айтарлықтай аз» деген жарнаманың дәурені жүріп тұр. Осы жарнамаға сенген жастар шылым тартудың құрығына оңай түсіп қалып жүр.

2018 жылы Украинада қоғамдық ұйым мен денсаулық орталығының дәрігерлері «сенім телефоны» жобасын қолға алыпты. Кез келген адам осы жерге хабарласып, темекіні тастау туралы ақысыз кеңес ала алады. Бір жылдың ішінде мыңнан астам адам психологтың көмегін алған, оның 12 проценті осындай кеңестен кейін темекіні мүлдем тартпайтын болған», - дейді дәрігер Отто Стойка. Айтуынша, бұл жобаны мемлекеттік деңгейде көтеру қажет және жасөспірімдерге электрондық шылымның өте зиян екенін ескертіп, қорап сыртына адам үрейін алатын қорқыншы суретті міндетті түрде жапсыру қажет.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы