387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нью-Йорк портында 1,5 тонна кокаин тәркіленді

  • 289
  • UPD: 11:17, 12.03.2019
Нью-Йорк портында 1,5 тонна кокаин тәркіленді

АҚШ-тың Нью-Йорк портында салмағы 1500 келіге жуық кокаин тәркіленді. Есірткінің құны 77 миллион долларға бағаланады.

Кеден және шекаралық күзеттің таратқан мәліметіне сәйкес, тыйым салынған зат Оңтүстік Америкадан келіп жеткен контейнерлердің бірінен табылған. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Айта кетейік, бұл соңғы 25 жылда осы портта тәркіленген ең ірі есірткі партиясы болып табылады.

Хабар 24 телеарнасы