389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сириядағы күрдтер террористерге әуеден соққы берді

  • 401
  • UPD: 12:03, 12.03.2019
Сириядағы күрдтер террористерге әуеден соққы берді

АҚШ әуе күштері қолдайтын күрд жасақтары Сирияның шығысындағы Ирак пен Левант террорлық тобы орналасқан соңғы бекінісіне әуеден соққы берді.

Қарулы қақтығыста аталмыш топтың бірнеше содыры мерт болды. Ауыр жарақат алғандар да бар. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, аймақтағы радикалдар жанкештілердің көмегімен бірнеше рет қарымта шабуыл жасауға әрекеттенді. Салдарынан оппозиция күштерінің 1 әскері қаза тапты. Айта кетейік, жуырда Сирияның демократиялық күштері елдің шығысындағы лаңкестердің соңғы бекінісін азат ету үшін арнайы операциясын бастаған болатын. Нәтижесінде аймақтан мыңдаған бейбіт тұрғын эвакуацияланды. Олардың арасында радикалдардың әйелдері мен балалары бар.

Хабар 24 телеарнасы