425,99 498,70 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эстония цифрлы жүйе көмегімен қағазбастылықтан құтылған

  • 1346
  • UPD: 15:15, 12.03.2019
Эстония цифрлы жүйе көмегімен қағазбастылықтан құтылған

Эстониялықтар цифрландырудың артықшылығын әріптестерімен бөлісуде. Астанада өтіп жатқан форумға дәл осы тақырып өзек болған. Бүгінде қарапайым эстон халқы қағазбастылықтан түгелдей арылды.

Мұндағы мемлекеттік қызметтер смартфон арқылы алынады. Шетелдік сарапшылар бұл ретте сайттың дизайнын әрлеп, әуре болмауға шақырды. Себебі қарапайым тұтынушыға барынша түсінікті болғаны ләзім. Айта кету керек, еліміздегі сандық технологияға көшу үрдісі осы мемлекеттің үлгісімен жүзеге асырылуда. «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының арқасында бірқатар жобалар қолға алынған. Бұл үшін ел қазынасынан 141 млрд теңге бөлінді. Биыл мемлекеттік қызметтің 80 проценті электронды форматта көрсетіледі. Ал форум барысында ұсынылған жобалардың біз үшін өзектісі кемежай айлағын цифрландыру болды.

Хабар 24 телеарнасы