430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ жұмысының 70 пайызы Африкаға арналған

  • 1488
  • UPD: 15:23, 12.03.2019
БҰҰ жұмысының 70 пайызы Африкаға арналған

Осы құрлықта жанжалдарды доғарып, бейбітшілік орнатуға, лаңкестікпен күресуге, азаматтық қоғам құруға және адам құқықтарын қорғауға жәрдемдесіп, тұрақты экономикалық және әлеуметтік дамуына көмек беріп жүр.

Қазіргі кезде қара құрлықтың 9 аймағында бейбітшілікті сақтау операциялары жүріп жатыр. Бітімгершілік әскер Орталық Африка республикасында, Суданның екі аймағында, Кот-д'Ивуар, Мали, Либерия және Конго Демократиялық Республикасында қызмет атқарып келеді. Сондай-ақ құрамында қазақстандық әскери байқаушылар бар, халықаралық күштер Батыс Сахарадағы референдумға дайындықты қамтамасыз етіп отыр. 

Қайрат Омаров, БҰҰ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі:

- Бүгінде Африка құрлығында шешілмеген мәселелер жетіп жатыр. Олардың орындамай, әлемдегі тұрақтылық туралы айта алмаймыз. Қазір Африкалық Одақтағы Қазақстанның беделі жоғары. Өйткені сыртқы саясатымыздың басты қағидаты - әлемде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Африкалық Одақ елдері де осы ұстанымды қолдайды.

Хабар 24 телеарнасы