422.87 509.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сирияға бір тәулікте 700 босқын оралды

  • 616
  • UPD: 07:31, 13.03.2019
Сирияға бір тәулікте 700 босқын оралды

Сирияға бір тәуліктің ішінде Ливан мен Иорданиядан 722 босқын оралды.

«Джейдет-Ябус» пен «Телль-Калах» өткізу бекеттері арқылы 87 адам, олардың 27-сі әйел болса, 45-сі – балалар. Ал «Насиб» өткізу бекеті арқылы Иорданиядан 635 босқын оралды. Осыған орай Сирияның бірқатар аймағында Ресей тарапынан қайырымдылық шарасы ұйымдастырылып, тұрғындарға 2 мың тонна азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар таратылды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, 3,2 гектар жер минадан тазартылды. Нәтижесінде 23 жарылғыш зат табылып, көзі құртылды.

Хабар 24 телеарнасы