389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алжир президенті сайлауға түсуден бас тартты

  • 468
  • UPD: 07:32, 13.03.2019
Алжир президенті сайлауға түсуден бас тартты BBC

Алжир президенті Әбделәзіз Бутефлика бесінші рет сайлауға түсуден бас тартты.

Екі аптадан бері халық жаппай шеруге шығып, оның саяси додаға қатысуына қарсылық танытқан. Тұрғындардың қалауына құлақ асқан саясаткер ақыры өз шешімін өзгертті. Сексеннің сеңгіріне шыққан мемлекет басшысының мәлімдемесі ұлттық телеарна арқылы жарияланды. Бутефлика елге өзгеріс қажет екенін мойындап, билік тізгіні жаңа буынға өткенін құптады. Сол себепті 18 сәуірге белгіленген сайлау кейінге шегеріледі. Айта кетерлігі, Әбделәзіз Бутефлика елді 1999 жылдан бері басқарып келеді. 2013 жылы инсульт алғаннан кейін ол көптің алдына шықпайтын болды. Дей тұрғанмен, мемлекет басшысы кезекті сайлауға қайта түсуге әзір екенін білдірген еді.

Хабар 24 телеарнасы