384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түрмедегі әйелдердің тіккен сәндік топтамасы Парижде көрсетілді

  • 421
  • UPD: 08:41, 13.03.2019
Түрмедегі әйелдердің тіккен сәндік топтамасы Парижде көрсетілді

Түрмеге тоғытылған келіншектердің сәндік топтамасы Париж назарына ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Венециядағы қамақта отырғандықтан, тігін шеберлері шараға қатыса алмады. Анна, Мая, Чин және Микаэлла бірігіп, About A Worker атауымен киім үлгісін шығарды. Айта кетерлігі, олар төрт жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылған. Осыған қарамастан, олар шығармашылықпен  айналысуды жөн көріп, кеудеше мен белдемшелерді тіге бастайды. Темір қапастағылар ішкі жан-дүниесін бедерлі оюлар арқылы білдірген. Оған қоса Венецияның тамсандырар сұлулығы оларға шабыт беретін көрінеді. Түрмеде тігілген топтаманың саны шектеулі. Бір ғана кеудешенің бағасы 150 еуроға жетеді.

Ким Ху, «About A Worker» брендінің негізін қалаушы:

– Түрмеде отырғандар жайлы сөз қозғалса, жағымсыз нәрсе ойға келеді. Шындап келгенде, олар да біз сияқты адамдар. Тек кезінде аяқтарын шалыс басқан. Жазаларын тартып жатқанымен, қоғам оларға рухани қолдау көрсетуден бас тартады. Бұл дұрыс емес.

Хабар 24 телеарнасы