383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Перуде лай көшкіні жүріп, 8 адам із-түзсіз жоғалды

  • 309
Перуде лай көшкіні жүріп, 8 адам із-түзсіз жоғалды

Перу орталығындағы таулы жерде лай көшкіні жүріп, 8 адам із-түзсіз жоғалды.

Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, көшкін тасжолда келе жатқан көлікті басып өткен. Апат болған жер қоршауға алынды. Мамандар құтқару-іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жергілікті биліктің хабарлауынша, лай көшкінінің жүруіне бірнеше күн тоқтаусыз жауған жауын себеп. Сонымен қатар бірнеше аймақта су тасқыны басталған. Осыған орай құтқарушылар тұрғындарды жолға шықпауға шақырады.

Хабар 24 телеарнасы