425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Палестиналықтар мен Израиль әскерінің қақтығысынан 1 адам қаза тапты

  • 1133
Палестиналықтар мен Израиль әскерінің қақтығысынан 1 адам қаза тапты

Иордан өзенінің батыс жағалауында орналасқан Сальфит қаласында палестиналықтар мен Израиль әскерінің қақтығысынан 1 Палестина азаматы қаза тауып, 40 тұрғын жарақат алды.

23 жастағы Мухаммед Шахин оққа ұшып мерт болды. Белгілі болғандай, қақтығыс ЦАХАЛ әскерінің палестина әкімшілігінің бақылауындағы қалаға кіргеннен кейін жолдарда күзет орындарын орнатып, бірнеше ғимарат пен дүкендерде тұрған бақылау камераларын алып тастағаннан соң басталды. Рейтердің хабарлауынша, көшеде тәртіпсіздік орнатқандарды тарату үшін Израиль жасағы көз жасаурататын газ бен қару қолданған.

Хабар 24 телеарнасы