382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Британияның ЕО-дан шығуы кейінге қалуы мүмкін

  • 330
  • UPD: 22:53, 13.03.2019
Британияның ЕО-дан шығуы кейінге қалуы мүмкін

Ұлыбританияның Еуроодақ құрамынан шығуының жалғыз жолы Тереза Мэй үкіметінің қол жеткізген келісімі.

Еурокомиссияның Брекзит бойынша бас келіссөз жүргізушісі Мишель Барнье осылай мәлімдеді. Оның айтуынша, Одақ басшылығы келісімге келу үшін қолдан келгенді жасады. Ендігі амалды тек Ұлыбританияның өзі табуы тиіс.

Еске сала кетейік, таяуда Ұлыбритания парламенті үкімет ұсынған құжатты қабылдамай тастаған. Енді олар «қатаң» Брекзит, яғни Одақтан келісімсіз шығу бастамасын дауысқа салады. Егер оған қатысты да бір тоқтамға келе алмаса, 14 наурызда Қауымдар палатасында елдің Еуроодақтан шығу мерзімін кейінге қалдыру мәселесі қаралады.

Мишель Барнье, Еурокомиссияның Brexit бойынша басты келіссөз жүргізушісі:

- Егер Ұлыбритания әлі де Еуроодақтан келісіммен шығуды қаласа, Тереза Мэй үкіметімен жүргізген бір жарым сағаттық талқылауымыз тығырықтан шығудың жалғыз жолы болып қала береді. Брекзиттің келісімсіз өтуі әбден мүмкін. Біз жағдайдың бұлай өрбуіне қарсымыз. Бірақ Еуроодақ бұған да дайын.

Хабар 24 телеарнасы