384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Австралияда ең ірі есірткі партиясы тәркіленді

  • 355
  • UPD: 15:12, 14.03.2019
Австралияда ең ірі есірткі партиясы тәркіленді

Австралияның Квисленд штатының полицейлері ірі есірткі партиясын тәркіледі.

Мәлім болғандай, тәртіп сақшылары Брисбеннен 60 шақырым жердегі жолда минивэнді тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде көлік ішінен бірнеше жәшікке салынған 500 келі марихуана табылған. Тәркіленген есірткінің құны 1 миллион австралиялық доллардан асады. Ал 27 жастағы көлік жүргізушісі тұтқынға алынды. Полицияның хабарлауынша, бұл Квисленд тарихында тәркіленген есірткінің ең ірі партиясы.    

Хабар 24 телеарнасы