423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Cирияда әскери операция кезінде ондаған адам мерт болды

  • 579
  • UPD: 23:01, 14.03.2019
Cирияда әскери операция кезінде ондаған адам мерт болды 24tv.ua

Сириялық Идлиб қаласын бомбылау кезінде 13 адам қаза тапты.

Ресейдің қолдауына ие Сирия әскері үкіметке қарсы көтерілген аймақта әскери операция жүргізген болатын. Зардап шеккендер көрсетілген бейнежазбалар әлеуметтік желі арқылы тарап та кетті. Бірінде ғимарат қабырғасы басып қалған адамды құтқару операциясы көрсетілсе, екіншісінде жаралы адамдарға жәрдем беру сәті бейнеленген. Сондай-ақ жарылғыш заттың бірі қаладағы түрмеге түскені мәлім болды. Колония күзетшілері мен тұтқындардың кейбірі опат болған. Ал аман қалғандары түрмеден қашып кеткен. Сирия Президенті Башар Ассадтың режиміне қарсы көтерілгендер сегіз жылдан бері үкімет әскерімен соғысып келеді. Олардың дені қазір Түрік шекарасының маңында қоршауға алынған. Бұл аймақта қазіргі таңда 4 миллион адам тұрады. Башар Ассадқа қарсы жүздеген адам Сирияның өзге аймақтарынан осы жерге әдейілеп көшіп келген.

Хабар 24 телеарнасы