420,67 511.30 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Boeing 737 MAX 8 қара жәшіктері сараптамаға жіберілді

  • 725
Boeing 737 MAX 8 қара жәшіктері сараптамаға жіберілді BBC.com

Эфиопияда құлаған Boeing 737 MAX 8 ұшағының қара жәшіктері Францияға жеткізілді.

Азаматтық авиация қауіпіздігін тергеу және сараптау бюросының мамандары енді ұшаққа тиесілі дыбыс жазғыш пен борттағы мәлімет жинаушы жүйені талдауға кіріседі. Сараптама қорытындысы әуе кемесінің апатқа ұшырау себептерін анықтап бермек. Естеріңізге сала кетсек, бортында 149 жолаушысы бар Boeing 737 MAX 8 ұшағы өткен жексенбі күні Аддис-Абебада апатқа ұшыраған болатын. Әуе кемесінің дәл осы үлгісі осыдан бес ай бұрын Индонезияда құлаған. Екі жағдайда да әуе апаты ұшудың алғашқы минуттарында болды.

Хабар 24 телеарнасы