380,91 415,08 5,78

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Volkswagen 7 мың қызметкерін қысқартады

  • 481
Volkswagen 7 мың қызметкерін қысқартады

Еуропадағы ең ірі автоконцерн Volkswagen 7 мыңдай қызметкерін қысқартпақ.

Компания үнемдеу бағдарламасына негізделген жаңа стратегиясын ұсынды. Дегенмен жаппай жұмыстан шығару болмайтынын уәде еткен. Мысалға, Volkswagen зейнетке шығатын қызметкерлерінің орнына жаңа маман алмайтын болды. Кадр саны қысқаратынына қарамастан, концерн жылдық табысын 6 миллиард еуроға дейін арттыруды көздеп отыр. Бұл қаражатты электромобильдерге шығаруға жұмсамақ. Volkswagen электрокарлардың 70 жаңа түрін шығаратынын жариялады. Компания басшылығының мәлімдеуінше, 2030 жылға дейін экологиялық көліктердің үлесі 40%-ға дейін жетуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы