384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израильде жеке компаниялардың жол салуын мемлекет қатаң қадағалайды

  • 287
  • UPD: 12:20, 15.03.2019
Израильде жеке компаниялардың жол салуын мемлекет қатаң қадағалайды

Израильдегі бүкіл жолдың жалпы ұзындығы 8500 шақырым. Азғантай ел үшін бұл керемет көрсеткіш.

Оларды салу сапасы мен күтімін өкімет мұқият бақылауда ұстайды. Осы елдегі тілшіміз, жергілікті жолшылар жұмысының қандай әдістерін Қазақстанда қолдануға болатынын біліп келді.

Израильде жолдарды мемлекет салмайды, бұл үшін жеке меншік компанияларды жалдайды. Бірақ құрылыстың барлық кезеңі мұқият бақылауда болады. Жобалауынан бастап пайдалану кезеңіне дейін.

Александр Штейн, ұлттық жол компаниясының бөлім бастығы:

- Күн сайын жылжымалы зертхана көмегімен жолдарды тексереміз. Онда көптеген аспаптар, лазерлер, сенсорлар мен камералар бар. Бар мәліметті арнайы жүйеге енгіземіз. Түрлі экономикалық және инженерлік алгоритмдар негізінде, қай жолдарды биыл жөндеу керектігін, қайсысын келесі жылға қалдыруға болатынын білеміз.

Ұлттық жол компаниясының бюджеті де үлкен. Жолдарды қалыпта ұстауға және жөндеуге жылына жарты миллиард еуро бөлінеді. Оның екі миллионы тек ғана тексеруге қарастырылған. Жолды салған компания оның сапасына кепілдік береді. Орта есеппен оның мерзімі бес жыл.

Александр Штейн, ұлттық жол компаниясының бөлім басшысы:

- Кепілдік берген мерзімінде ақшасын өзімізде ұстаймыз. Яғни жолды тапсырғанда бүкіл сомасын төлемейміз. Бір бөлігі кепілдеменің аяқталу мерзіміне дейін бізде болады.

Жол құрылысындағы барлық процес тіпті асфальт төсегендегі температура да жіті бақылауда болады. Ұлттық жол компаниясының өкілдері бүкіл істің басы-қасында күнделікті жүреді. Егер мердігер келісімшарт талаптарын бұзса, қайта жасатып, айыппұл төлетеді.

Авторы: Сергей Ауслендер

Хабар 24 телеарнасы