384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада кепілге алынған мигранттар босатылды

  • 245
  • UPD: 12:29, 15.03.2019
Мексикада кепілге алынған мигранттар босатылды espanarusa.com

Мексикада жоғалған мигранттар қарулы топтың қолынан босатылды. Ұрланған 79 мигрант Гватемала, Сальвадор және Гондурастың азаматтары. 

Қазір олар Латын Америка елдерінің мигранттар жөніндегі ұлттық институтына жайғастырылды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, тәртіп сақшылары Тамаулипас шатытындағы өзеннің жағасында бір топ адамның белгісіз бағытта кетіп бара жатқанын байқап қалған. Қаруланған қаскөйлер көлікке отырып қашып үлгерді. Айта кетейік, аймақта адам ұрлау қылмысы жиілеп кетті. Өткен аптада қарулы топ автобуста отырған адамдарды кепілдікке алып кеткен еді. Қылмыскерлер әдетте оларды босату үшін қомақты қаржыны талап етеді.

Хабар 24 телеарнасы