386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эйфель мұнарасында дәстүрлі марафон ұйымдастырылды

  • 360
  • UPD: 12:36, 15.03.2019
Эйфель мұнарасында дәстүрлі марафон ұйымдастырылды

Францияның символы – Эйфель мұнарасы биыл да жарыс алаңына айналды. Мұнда жыл сайын дәстүрлі түрде жоғарыға қарай жүгіру жарысы ұйымдастырылады.

Биыл оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген 130-ға жуық спортшы қатысты. Биіктігі 324 метрді құрайтын мұнараның төбесіне жүгіріп жету үшін спортшылар 1665 баспалдақты еңсерулері қажет болды. Нәтижесінде әйелдер арасында Австралиядан келген Сьюзи Уолшем жеңімпаз атанды. Ол мұнара төбесіне 10 минут 16 секундта жетті. Ал ерлер арасында полшалық Пётр Лободзински алтыннан алқа тақты. Осылайша ол бесінші рет қатарынан аталған жарыс жеңімпазы атанды. Оның көрсеткіші 7 минут 53 секунд.

Хабар 24 телеарнасы