384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кореяның Кванджу қаласында жасыл технологиялар көрмесі өтіп жатыр

  • 408
  • UPD: 15:30, 15.03.2019

Кванджу қаласында жасыл технологиялар көрмесі өтіп жатыр. Оған қатысып отырған 200-ден аса компания күн мен желдің күшімен істейтін құрал-жабдықты ұсынған.

Жалпы Оңтүстік Кореяда балаламалы энергетиканы дамытуға үлкен көңіл бөлінеді. Бұл елде мұнай мен газ кеніштері жоқ, көмірсутек отыны сырттан әкелініп жүр. Бензин қымбат болғандықтан, жыл сайын электромобильдердің сатылымдары артып келеді. Биыл көрме қонақтарының үлкен қызуғышылын 5 мың доллар тұратын электрокар туғызған. Сондай-ақ, күннің жылуымен істейтін электромобильдерді қуаттайтын станция да ұсынылып отыр. Ел билігінің жоспары бойынша, 2030-жылға дейін баламалы қуат үлесі 20 пайызға дейін артады. Көрме аясында қазақстандық компания Түркістан облысының Бәйдібек ауданында Күн электрстанциясын салу туралы келісімге қол қойды. Құны алты миллион доллар болатын станцияның қуаты 10 мегаватты құрайды.   

Дәурен Мұхитов, құрылыс компаниясының президенті:

- Қазақстанның оңтүстігі күннің шуағына бай, өте жылы. Жылына 300 күннен астам Күн шығып тұрады, ауа райы өте жақсы, сондықтан оңтүстік өңірде осындай Күн электрстансасын қойып қойса, өте тиімді.

Хабар 24 телеарнасы