387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Венесуэладан барлық дипломатын шығарды

  • 326
АҚШ Венесуэладан барлық дипломатын шығарды

АҚШ Венесуэладағы барлық дипломатын шығарды.

Соңғы америкалық қызметкер бұл елді кеше тастап кеткен. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео мәлімдеді. Бірақ Вашингтон Венесуэладағы демокартиялық институттармен байланысын үзбей, гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра беретінін айтып отыр.

Еске сала сала кетейік, Николас Мадуро билігі АҚШ-пен дипломатиялық қатынасты қаңтар айында үзді. Оған Вашингтонның оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоны президент деп тануы себеп болды. Осыдан кейін Вашингтон Венесуэладағы дипломаттарының біраз бөлігін кері қайтарған. Ал өткен сәрсенбі күні Каракас АҚШ-тан барлық дипломатын алып кетуді талап етті.

Хабар 24 телеарнасы