386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чилиде суда қалқымалы күн электр станциясы орнатылды

  • 279
Чилиде суда қалқымалы күн электр станциясы орнатылды

Чилидің мыс кендерінің бірінде суда қалқымалы күн электр станциясы орнатылды.

Жоба әлемде тұңғыш рет жүзеге асырылып отыр. Бірегей электрстанция тоғанға зәкірмен бекітілген. Ол 256 панельден тұрады. Нысан 86 киловатт энергия өндіреді. Жобаны жүзеге асырушы «Англо-американ» компаниясы оның тиімділігі дәлелденсе, электрстанцияны өзінің басқа да кен орындарына орнататынын айтады.

Балдо Прокуриса, Чили тау-кен өндірісі министрі:

– Бұл – электр энергиясын алатын баламалы қуат көзінің бірі. Күн панельдері суды тиімді пайдалануға да мүмкіндік береді. Себебі олар күн сәулесін өткізбей, оның булануына жол бермейді.

Хабар 24 телеарнасы