426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та алапат дауылдан 25 жүк вагоны рельстен шығып кетті

  • 735
АҚШ-та алапат дауылдан 25 жүк вагоны рельстен шығып кетті

АҚШ-тың бірнеше штатында бір мезгілде қар жауып, алапат дауыл соғып, нөсер жауын, елге шығын әкелді.

Кейбір штатта төтенше жағдай жарияланды. Ауа райының өзгеруінен ең көп зардап шеккен Колорадо штаты. Мұнда қалың қар жауып, жел соғып, электр желісі үзілді. Нью-Мексика мен Техас штатында алапат дауылдан 25 жүк вагоны рельстен шығып, көпірден құлады. Дүлей жел бірнеше шағын ұшақты да қаңбақтай ұшырып, тас талқан етті. Ал Небраска штатында нөсерден тасқын болып, көптеген елді мекенді су басты. Тұрғындар қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы