427,23 518.00 5.85
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Грузия смс-жарнамаға шектеу қоймақшы

  • 661
  • UPD: 17:41, 16.03.2019

Қысқа хабарламалар арқылы таратылатын жарнама бүгінде ұялы телефон иелерін мезі етті. Бүкіл әлемде күн сайын адамдар осындай смс-спам алып жүр.

Грузияда, мәселен, барлық ірі және орта компаниялар өз өнімдерін осылай жарнамалайды. Бұл мәселені шешу үшін өкімет заң жобасын әзірлеп, биыл Парламенттің қарауына тапсырмақ. Құжатқа сәйкес, пайдаланушылардың рұқсатынсыз смс-жарнаманы жіберуге тыйым салынады. Қазірде қызметтің осы түрін ажырату үшін хабарламаның соңында арнайы код жазылады. Бірақ көбінесе ол істемейді екен.

Отар Чахунашвили, жеке мәліметтерді қорғау инспекторы аппаратының өкілі:

- Жеке мәліметтерді қорғау деңгейін көтеру және оны еуропалық елдердің заңнамасымен үйлестіру мақсатында былтырдан бері осы бағытта жұмыс істеп келеміз. Тікелей маркетингтен, атап айтқанда смс-жарнама алудан абоненттерді қорғайтын заң жобасы әзірленді. Осындай хабарламаларды тек азаматтардың рұқсатымен ғана жіберуге болады.

Хабар 24 телеарнасы