432,23 508,50 5.48
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлинде жаһандық жылынуға қарсы наразылық шарасы өтті

  • 697
  • UPD: 18:37, 16.03.2019
Берлинде жаһандық жылынуға қарсы наразылық шарасы өтті

Германия астанасы Берлинде жаһандық жылынуға қатысты наразылық шарасы өтті. Көшеге 20 мыңға жуық адам шықты.

Әсіресе мектеп оқушылары мен студентер белсенділік танытты. Шаһардың орталық көшелері қолына үнпарақшалар ұстаған жастарға толды. Шерушілер билікен климатты қорғауға шақырып, елде баламалы энергетиканы көптеп қолдануды сұрап отыр. Германия канцлері Ангела Меркель де наразылық акциясына шыққандарға қолдау білдірді.

Ирена Мюллер, шараға қатысушы:

- Біз көмір дәуірі біткенін қалаймыз. Егер қазір шара қолданбаса біраз жылдардан кейін ауасы таза қала қалмайды. Үлкендер талабымызға құлақ асып, қандай да бір шешім қабылдайды деп сенеміз.

София Леман, шараға қатысушы:

- Біз тым жас болсақ та елдің саясатына ықпал еткіміз келеді. Германия көмірден бас тартуы керек. Шерулерден еш пайда жоқ деп айтуға келмейді. мысалы ел парламенті оқушыларды шақырып, жер шарын қалай сақтап қалу туралы пікірлерін білді.

Хабар 24 телеарнасы