432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа Зеландиядағы шабуылды Брентон Таррант жалғыз жасаған болуы мүмкін

  • 848
  • UPD: 13:14, 17.03.2019
Жаңа Зеландиядағы шабуылды Брентон Таррант жалғыз жасаған болуы мүмкін

Крайстчёрч қаласындағы мешіттерге тек бір ғана адам – 28 жастағы австралиялық Брентон Таррант шабуыл жасаған болуы мүмкін.

Қалған 2 күдіктінің лаңкестікке қатысы жоқ. Бұл туралы осы елдің полициясы мәлімдеді. Бірақ оқиғаға қатысты соңғы қорытынды алдағы уақытта жарияланатын болады. Қалған екі күдіктіге басқа істер бойынша айыптар тағылды. Ал Тарранттың қамауы 5 сәуірге дейін созылды. Қазір тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Жаңа Зеландияның Крайстчёрч қаласында белгісіз біреу екі мешітке кіріп, жұма намазына жиналған адамдарға оқ жаудырған. 50 адам қаза тауып, тағы 50-ге жуық тұрғын жарақат алды. Таррант терактіні Facebook-те тікелей таратқан. Ол шабуылға өткен жылы, Еуропаға сапарынан кейін дайындалуға кіріскен. Алдын ала тергеу осыны аңғартты.

Хабар 24 телеарнасы