419,87 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Израильде әскерилерге шабуыл жасалды

  • 632
Израильде әскерилерге шабуыл жасалды Euronews

Израильдің Ариэль қаласында лаңкестік болып, бір жауынгер қаза тапты, тағы бірнеше адам жарақат алды.

Оқиға жол үстінде болды. Пышақпен қаруланған лаңкес бір сарбазды жаралап, оның қаруын тартып алған. Содан кейін әскери көліктерге оқ жаудырып, тағы 2 жауынгерді жаралы еткен. Көлікпен қашқан күдікті арабтар тұрған ауылға тығылған. Израиль қауіпсіздік күштері арнайы операция жүргізу үшін елді мекенге кіргенде жергілікті тұрғындармен қақтығыс болды. Лаңкестікке қарсы шара жалғасуда.

Биньямин Нетаньяху, Израиль премьер-министрі:

– Қазір Ариэль қаласының маңында арнайы операция жүргізіліп жатыр. Оған әскерилермен бірге қауіпсіздік күштері және полиция жұмылдырылған. Лаңкестік жасаған содыр көп ұзамай қолға түседі деп сенемін.

Хабар 24 телеарнасы