384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Апатқа ұшыраған «Боингтің» ұшу параметрлерінің мәліметін зерттеу басталады

  • 532
  • UPD: 08:28, 18.03.2019
Апатқа ұшыраған «Боингтің» ұшу параметрлерінің мәліметін зерттеу басталады

Француз мамандары Эфиопияда апатқа ұшыраған Боинг 737 ұшағының қара жәшіктерінде сақталған мәліметтерді алып, осы елдің тергеушілеріне берді.

Енді әуе кемесінің ұшу параметрлеріне қатысты мәліметтерді оқып, зерттеу басталады. Қазір техникалық жұмыстар жүргізіліп жатыр. Еске сала кетейік, Эфиопияда наурыздың 10-ы күні 149 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі бар Боинг 737 ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Ешбір адам тірі қалған жоқ. Бұл «Боинг 737» ұшағының соңғы 5 айда екінші рет апатқа ұшырауы. Мамандар олардың арасында ұқсастық барын айтады. Көптеген ел ұшақты пайдалануды уақытша тоқтатты.

Хабар 24 телеарнасы