379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Техаста мұнай қоймасы өртенді

  • 171
  • UPD: 09:19, 18.03.2019
Техаста мұнай қоймасы өртенді

Техастың Хьюстан қаласындағы «Интерконтиненталь Терминалс Кампани» мұнай қоймасында өрт шықты.

Тілсіз жауды ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер бірнеше сағат бойы қызыл жалынмен күресті. Жергілікті билік қауіпсіздік тұрғындарды үйлерінен шықпауға шақырады. Өйткені нақты қандай зат жанғаны анықталмаған. Әзірге адам шығыны жайлы ақпарат түскен жоқ. Өрттің себебі де белгісіз. Төтенше оқиғаға байланысты шаһардың басты магистралі уақытша жабылды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы