377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Белградта мыңдаған адам үкіметке қарсы наразылық шеруіне шықты

  • 190
  • UPD: 12:20, 18.03.2019

Мемлекет басшысы Александр Вучичтің резиденциясы алдына жиналғандар елдегі Бұқаралық ақпарат құралдары бостандығы мен еркін әрі әділ сайлауды талап етті.

Мемлекет басшысы Александр Вучич елдегі жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихатын жинап, ол басталысымен шерушілер полиция тосқауылын бұзып өтіп, ғимаратқа кірмек болды. Алайда тәртіп сақшылары оларға қарсылық көрсетті. Бұдан соң наразы топ полиция басқармасын да қоршауға алып, қамауға алынған жақтастарын босату мен елдің ішкі істер министрі Стефановичтің отставкаға кетуін талап етті. Айта кетейік, Сербияда үкіметке қарсы наразылық акциялары өткен жылдан бері жалғасып келеді.

Хабар 24 телеарнасы