379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Никарагуада билікке қарсы шеру кезінде адамдар қамауға алынды

  • 85
  • UPD: 12:39, 18.03.2019
Никарагуада билікке қарсы шеру кезінде адамдар қамауға алынды

Никарагуада үкіметке қарсы ереуіл басылар емес. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Манагуа қаласындағы халықтың соңғы бас көтеруінен 107 адам қамауға алынды.

Жиналған жұрт ел президентінің саясатына көңілі толмайтынын айтып, биліктен елдің  әлеуметтік қамсыздандыру реформасын өзгерту керек деп талап етті. Сонымен қатар өткен жылдың сәуір айында ұйымдастырылған ереуілде қамауға алынғандарды босатуды талап етті. Наразы жұртты тарату үшін тәртіп сақшылары күш қолданды. Айта кетейік, өткен жылғы ереуілде 320 адам қаза тапқан болатын. Сонымен қатар шамамен 600-ге жуық шеруші абақтыға қамалды. Жуырда оның тек 50-і ғана бостандыққа шықты.

Хабар 24 телеарнасы