379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африканың шығысындағы елдерде дауылдан 150 адам қаза тапты

  • 185
  • UPD: 12:50, 18.03.2019
Африканың шығысындағы елдерде дауылдан 150 адам қаза тапты

Африканың шығысындағы елдер Идай тропикалық циклонынан есеңгіреп қалды. «Нью Йорк Пост» газетінің хабарлауынша, табиғат апатынан шамамен 150 адам қаза тапты.

Із түзсіз жоғалғандардың қатары да 150-ге жуықтаған.  Долы дауылдан Мозамбик, Зимбабве мен Малави елдері ең көп зардап шеккен. Бұл елдерде тұрғын үйлердің тас талқаны шығып, электр желілері үзілген. Аймақтағы жолдарды су шайып кетті. Құтқарушылар оқшауланған елді-мекендерге жете алмай әлек. Әскери тікұшақтар қонатын жер таба алмай жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы болса циклоннан зардап шеккендерге гуманитарлық апат қаупі төніп тұр деп дабыл қақты.

Хабар 24 телеарнасы